Тәрбиеленушілердің физикалық және психикалық дамуының кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтары арқылы іске асырылады:
Кіші топ - 2 жастан бастап
Ортаңғы топ -3 жастан бастап
Ересек топ - 4 жастан бастап
Мектепалды даярлық тобы - 5 жастан бастап.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы талаптарға сай, топтар заманауи үлгідегі қажетті құралдармен жабдықталған, эстетикалық талғамға сай және балалардың жас ерекшеліктеріне сай әсем безендірілген. Сонымен қатар әр топтар мен кабинеттер аудио-бейне техникалар: теледидар, музыкалық аспаптар, бейнетаспалар, электронды оқулықтар, микрафондар мен толықтырылған.Әр топта табиғат табиғат бұрышы, кітап бұрыштары, тынығу бұрышы, зерттеу орталығы, денсаулық бұрышы, спорт құралдары бұрышы, қимыл-қозғалыс ойындар құралдары, оқу – тәрбие процесіне қолданатын көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай топталып қарастырылған. Тәрбиеленушілердің дұрыс тамақтануы үшін асхана және денсаулығын сараптау, дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды.
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Меншік нысаны: жекеменшік
Жұмыс тәртібі: 08:00 - 18:30
Кезекші топ: жоқ
Телефон: 87783043103
Web-сайт: https://aisha-aktau.edu.kz
Мекен-жай: Ақтау қаласы, Толқын1 64/1
"Айша" бөбекжай-балабақшасы
Сіздің балаларыңызға балабақша ұсынады:
кең жарық ойын бөлмелері мен жатын бөлмелері, жайлы, үй атмосферасы
жасыл, қоршалған және күзетілетін серуендеу алаңы, бейнебақылау
Күніне 5 мезгіл ас
медициналық-педагогикалық қамтамасыз ету
кварц
арнайы жабдықталған топтарда іс әрекеттерді дамыту, Асық терапиясы, логопед, психолог, музыка, дене шынықтыру, қазақ тілдері, үйірмелер: хореография, ұлттық ойындар.
Бөбекжай туралы ақпарат
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы ЖШС Амангелдин Парасат «Айша» жекеменшік бөбекжай -балабақшасы
2021 жылдың мамыр айында ашылды. Бөбекжайдың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларға сапалы тәрбие мен білім беру, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Бөбекжай- балабақшада 2 мен 5 жас аралығындағы 112 бала тәрбиеленуде. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған 5 топта тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жүргізіледі.
Қазіргі таңда бөбекжайда 11 білікті педагог қызмет етеді. Тәрбиешілер мен мамандар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық қызығушылықтарын арттыруға және олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырады. Педагогтер заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің зияткерлік, рухани және әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөледі.
Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында бөбекжай-балабақшада талаптарға сай жабдықталған.
Сонымен қатар, бөбекжайда балабақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт қызмет көрсетеді. Консультациялық пункт арқылы ата-аналар бала тәрбиесі, психологиялық даму ерекшеліктері, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық кеңестер алады.
«Айша» бөбекжай – балабақшасы әр баланың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, білімге деген қызығушылығын арттыруға және болашаққа сенімді қадам басуына жағдай жасайтын заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы. Бөбекжай-балабақша ұжымы балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын басты назарда ұстай отырып, сапалы білім мен
ЖШС Амангелдин Парасат «Айша» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Түрі: Жекеменшік
Негізгі құны,айына: 2 жастан- 25 000тг
3 жастан 5 жасқа дейін-25 000 тг
Жұмыс тәртібі: Бес күндік жұмыс аптасы, 08:00-дан 18:30 дейін
Телефон: 8-778-304-31-03
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Толқын1 №64/1

