Бөбекжай туралы ақпарат
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы ЖШС Амангелдин Парасат «Айша» жекеменшік бөбекжай -балабақшасы
2021 жылдың мамыр айында ашылды. Бөбекжайдың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларға сапалы тәрбие мен білім беру, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Бөбекжай- балабақшада 2 мен 5 жас аралығындағы 112 бала тәрбиеленуде. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған 5 топта тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жүргізіледі.
Қазіргі таңда бөбекжайда 11 білікті педагог қызмет етеді. Тәрбиешілер мен мамандар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық қызығушылықтарын арттыруға және олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырады. Педагогтер заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің зияткерлік, рухани және әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөледі.
Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында бөбекжай-балабақшада талаптарға сай жабдықталған.
Сонымен қатар, бөбекжайда балабақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт қызмет көрсетеді. Консультациялық пункт арқылы ата-аналар бала тәрбиесі, психологиялық даму ерекшеліктері, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық кеңестер алады.
«Айша» бөбекжай – балабақшасы әр баланың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, білімге деген қызығушылығын арттыруға және болашаққа сенімді қадам басуына жағдай жасайтын заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы. Бөбекжай-балабақша ұжымы балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын басты назарда ұстай отырып, сапалы білім мен
ЖШС Амангелдин Парасат «Айша» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Түрі: Жекеменшік
Негізгі құны,айына: 2 жастан- 25 000тг
3 жастан 5 жасқа дейін-25 000 тг
Жұмыс тәртібі: Бес күндік жұмыс аптасы, 08:00-дан 18:30 дейін
Телефон: 8-778-304-31-03
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Толқын1 №64/1

